Мақтаралдық диқандар 9 ай ішінде өнім көлемін 36 млрд теңгеге жеткізді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 26 млрд теңге болса, мал шаруашылығы 10 млрд теңге. Осылайша мақтаралдық диқандар 60 мың гектар жерден 400 мың тонна бақша, 6500 тонна күріш және 20 мың тонна көкөніс алып отыр. Оның 80 пайызы шет мемлекеттерге де экспортталған. Құрғақшылық жайламағанда өнім бұдан да көп болар еді дейді аудан басшылығы. Десе де алдағы 5 жыл бойы құрғақшылық болатынын ескеріп диқандар ағын суды көп қажетсінбейтін дақылдар егуді жоспарлап отыр екен.
️