Алтын қазып, 844 миллион теңге тапқандар абақтыға қамалды. Алғашында оларға «EastGoldStone» ЖШС-іне пайдалы қазбаларды барлау лицензиясын берілген. Алайда күдіктілер барлаумен шектелмей, алтын өндіруге кірісіпті. Нәтижесінде 18,2 гектар табиғи аумаққа зиян келтіріп, 15 келіден астам бағалы металл өндіріп алған. Сот шешімімен жалпы құны 372 миллион теңге болатын мүлік тәркіленді. Оның ішінде 6,7 келі алтын, 579 грамм күміс, пайдалы қазбаларды өндіруге пайдаланылған техникалар бар. Сонымен қатар күдіктілерден 10 миллион теңге және 56 мың АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша тәркіленді.