Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты салтанатты түрде қарсы алды. Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай сап түзеген Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Айта кетсем, келер жылы қос ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа 35 жыл толады. 1992 жылдан бері Қазақ-Оман арасындағы алыс-беріс үзілген емес. Былтыр тауар айналымы 900 мыңға жуықтап, Оманнан тартылған инвестициялардың жалпы ағыны 273 млн. теңгеден асты.