Елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ең көп сұранысқа ие 10 қызмет түрі онлайн форматқа көшірілді. Бұған қоса тағы 12 мемлекеттік қызмет баламасыз форматқа көшірілуі мүмкін. Бұл туралы үкіметтегі брифингте жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі мәлімдеді. Ведомсва өкілінің сөзінше, мұндай жаңашылдықтар халыққа қызмет көрсету орталығындағы операторлардың жұмыс жүктемесін азайтуға мол мүмкіндік беріп отыр. Биылдың өзінде қызмет алушылар саны шамамен 30 пайызға азайған. Бірақ қызмет түрлері азайып, жеңілдегенімен орталық операторлары жұмыстан қысқартылмайды. Керісінше оларға өзге де міндеттемелер жүктелмек.