«Жұмаққа баратын жол» ... Осылай деп аталатын жаңа кітап оқырманға жол тартты. Авторы - Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы», Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қордың төрағасы Қайрат Орынбайұлы. Ол бұл жинаққа - көзі тірісінде өлкенің Домалақ анасы атанған Шынар Дүйсенбайқызының өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмырын арқау еткен. Бір сөзбен айтқанда бұл туынды – баланың анаға деген перзенттік парызының, ел ықыласына бөленген жанға деген халық құрметінің көрінісі. Бұл көпке таныстырылған жалғыз кітап емес. Шарада "Түркібастың Шынары" жинағы мен жас журналист Жәмиля Бахтиярқызының "Бәйшешек" атты кітабының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, мектептің мәжіліс залына Қайрат Айтбайдың анасы Шынар Дүйсенбайқызының есімі берілді. Меценат мәжіліс залын толық қайта жарақтандыруды өз мойнына алды. Ал белгілі әнші Нұрлан Өнербаев музыкалық аппаратура тарту етті.
️