Түркістандық жастар "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасымен танысты

204
01.11.2021 09:30

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасынан күтер үміт көп. Алдағы 5 жылдыққа арналған маңызды бағдарлама Рухани жаңғыру, Ел рухы, Тәуелсіздік ұрпақтары сынды 3 бағытты қамтиды. Міндеттері Қазақстандағы бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті, мемлекеттік тілді, мәдениетті дамытып, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бұл мақсатта «Туған жер» арнайы жобасы аясында 7,2 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Ұлттық жобаға жетекші Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері бүгін өңір жастарымен кездесіп келелі бастаманы түсіндірді.