Өңірде әлеуметтік қызметкерлер күні атап өтілді

588
01.11.2021 09:17

Түркістан облысында 4000 ға жуық әлеуметтік қызметкер бар. Яғни халыққа қызмет көрсететін барлық мекеме мамандары осы санатқа жатады. Бүгінде 4000 мың қызметкердің 1500 ден астамы ауыл аймақтарда жұмыс ісейді екен. Бұл дегеніміз осы азаматтар ауылдардағы әл ауқаттың жақсаруына тікелей әсер етіп отыр деген сөз. 2012 жылдан бастап халық мүддесіне қызмет етіп жүрген мамандардың мерекесі де белгіленген болатын. Қазан айының соңғы жексенбісі аталып өтетін мерекелерінде облыстың әр ауданынан келген үздік  әлеуметтік қызметкерлер марапатталды. Сондай ақ осы саладағы мүгедектігі бар азаматтар да құрметке ие болды.