Мүгедек жандарды тану процесі цифрландырылуда

256
29.10.2021 08:06

Мүгедектікті тану процесі цифрландырылуда. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандар жәрдемақыға қол жеткізу үшін қат-қабат құжат арқалап табалдырық тоздырмайды. Қажеті медициналық ұйымдардың ұйғарымы ғана. Әрмен қарай азаматқа комиссия отырысына қатысудың да керегі болмайды. Бұл бір жағынан саладағы сыбайлас жемқорлықтың да алдын алуға сеп болмақ дейді мамандар. Статистикаға көз жүгіртсек қазір Түркістан облысы тұрғындарының 97 мыңы мүгедектік санатындағылар. Бұл Республикадағы орташа көрсеткіштен де жоғары.