Қола жүлдегер атанды

99
27.05.2021 23:20

Өзбекстан астанасында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Гүлнүр Ыбырай жаһандық доданың қола жүлдегері атанды. Ол алғашқы жаттығуда 90 келілік зілтемірді басынан асырса, екінші сайыста 115 келі көрсеткішке қол жеткізді. Осылайша Гүлнүр Ыбырай қос сайыс қорытындысы бойынша 205 келі көрсеткішпен үздік үштікті тұйықтады. Екінші орынды италиялық спортшы Джулиа Мизерендино иеленсе, Румыния елінің өкілі Ралука-Андреа Олару жарыстың жеңімпазы атанды.