Арыста төтенше жағдайлар департаментінің оқу-жаттығу жиыны өтуде

227
29.10.2021 08:01

Арыста төтеншеліктердің оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. 3 күнге созылатын шараға Төтенша жағдайлар департаментінің барлық құрылымдары шақыртылған. Шартты жаттығуда олардың 6-8 балдық жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттері пысықталуда. Яғни, тұрғындарды эвакуациялау, өрттің алдын алу, тағы да басқа оқыс жағдайларды құтқарушылар тәжірибе жүзінде іске асырды. Айта кетейік, қазірде жер сілкінісі қаупі бар өңірлерде сейсмикалық жаттығулар тоқсан сайын тұрақты жүргізіледі.