Тағы да сот орындаушы жәбір көрді. Бұл жолы борышкер балта алып жүгіріп, қоқан-лоққы көрсетіпті. Оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған. Өңірлік палата мәліметінше, Н. есімді азаматқа 17 әкімшілік атқарушылық құжат түзілген. Ол бойынша айыппұл көлемі 600 мың теңгеге жуықтайды екен. Алайда борышкер оны өтеуден бас тартқан. Амалы таусылған сот орындаушылары азаматтың «ВАЗ-2115» маркалы автокөлігін тәркілеу туралы қаулы шығарған. Борышкер көлікті бергісі келмей қарсылық көрсетіпті. Тиісінше полиция қызметкерлері уытты газ баллонын шашып, оны полиция басқармасына алып кеткен.
️