Зейнеткерден бір жарым келіден астам есірткі заты тәркіленді. Күдікті Келес ауданының тұрғыны екен. Бұл дерек арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында әшкереленді. Ұсталған егде жастағы ер адамның үйін тінту кезінде қорасынан пакетке салынған заңсыз шөп табылды. Тәркілеп алынған затқа сараптама тағайындалған. Зерттеу қорытындысына сәйкес өсімдік “көкнар” болып шықты. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.
️