Оңтүстік Кореяда карантиндік шектеулер жеңілдейді

313
28.10.2021 06:19

Оңтүстік Корея үкіметі қараша айынан бастап карантиндік шектеулерді жеңілдетпек. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс мерзімі ұзартылады. Сондай-ақ ойын-сауық орталықтары да 24 сағат бойы ашық болады. Алайда келушілер ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетулері тиіс. Айта кетсек қазір елде тұрғындардың 70 проценті короновирусқа қарсы екпе алған. Ал желтоқсан айында карантин талаптарын тағы біршама жеңілдету қарастырылған. Бұл уақытта спорттық нысандар да көрермендермен толығады деп күтілуде