Түркия орта мектептері биыл емтихан тапсыру-тапсырмауды оқушылардың өз еркіне берді. Тек мектеп бітіруші он екінші сыныптар үшін ғана емтихан міндетті. Ал өзге сыныптар емтихан тапсырғысы келмесе, сынақтардан бас тарта алады. Ол үшін өзі не ата-анасы өтініш жазса болды. Бұл қадамға барудың негізгі себебі – коронавирус. Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың емтихан үшін бір сыныпқа жиналуы денсаулықтарына қауіпті болуын ескерген. Жалпы Түркияда мектеп оқушылары жаңа жылға дейін және кейін екі тоқсан оқиды. Екінші тоқсан маусымда аяқталады. Сосын емтихандар басталады. Бір сыныптан екінші сыныпқа көшу үшін барлық сыныптар міндетті түрде емтихан тапсырады.
️