Елімізде ұрлық деректері өткен жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға азайған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, пәтер ұрлығы 23,3 пайызға, мал ұрлығы 6,7 пайызға төмендеді. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам адам ұсталып, 1248 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Таразда 17 миллион теңгенің мүлкін үптеп кеткен пәтер ұрлығы ашылып, екі күдікті қамауға алынды. Ал Түркістан облысында үйге заңсыз кірген күдіктілер ұсталды. Сонымен қатар, жыл басынан бері 411 дрифт дерегі анықталды. 13-18 қараша аралығында түнгі тыныштықты бұзудың 26 мыңнан астам дерегі тіркелді. Бір аптада 3423 граффити жазуы жойылып, 114 әкімшілік іс қозғалды. ІІМ қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.