Ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы республикалық олимпиадада Түркістан облысының құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал маңғыстаулық оқушылар бірінші орынды місе тұтты. Астанада өткен білім бәсекесінің ақтық кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 433 оқушы қатысып, жеті пән бойынша білімдерін сынады. Олимпиада қорытындысында 197 оқушы жүлдегер атанды. Солардың бірі – Маңғыстау облысынан қатысқан Ақжібек Сағынбай. Ол жеке есепте бірінші орын иеленді.
АҚЖІБЕК САҒЫНБАЙ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ I ОРЫН ИЕГЕРІ
Мектеп ішілік және аудандық жарыстарда еш қиналмай өттім, 1-ші орынмен, ал облыстық кезеңде жазбашада сәл қиындық туындады. Мен негізі заңнамаларды, нормативті құқықтық актілерді ғана белгілеп, соларға сілтеме бергенмін. Бірақ оның ішінде талдау кішкене жеткіліксіз болды. Сондықтан екі бірінші орын беріп, соның екіншісімен шыққанмын республикаға. Ал қазір мін ереспубликадан бірінші орын иелендім.