Түркістан
EN

Эпилепсиямен ауыратын науқасқа ота жасалды

5
23.11.2026

 Ақтөбе облысында алғаш рет эпилепсиямен ауыратын науқасқа кезбе жүйке нейростимуляторын имплантациялау бойынша жоғары технологиялық операция сәтті өтті. Ота Астана қаласындағы ұлттық нейрохирургия орталығы мамандарымен бірлесіп жасалды. Жаңа технология эпилепсияның дәрі-дәрмекпен емдеуге көнбейтін түрлерін емдеуде қолданылады. Арнайы құрылғы кезбе жүйке арқылы электр импульстарын жіберіп, эпилепсиялық ұстамалардың жиілігі мен ауырлығын төмендетуге мүмкіндік береді. Науқасқа бұл диагноз 2001 жылы қойылған. Астана қаласында эпилептолог дәрігердің кеңесін алғаннан кейін оған хирургиялық емдеу әдісі ұсынылыпты. Атап айтқанда, сол жақ кезбе жүйкеге нейростимулятор мен электрод жүйесін орнату туралы шешім қабылданды.