Созақ ауданында жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 17 отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа пәтерлер инвесторлардың қолдауымен бой көтерген. Қуанышқа кенелгендердің арасында жеті бала тәрбиелеп отырған ана да бар. Тақырыпты тілшіміз Айдос Игіліков тарқатады.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залына жаңа қоныс иелері мен аудан активі жиналды. Кезекте тұрған азаматтар мен көпбалалы отбасыларға баспана кілттері табысталды. Аудан басшылығы тұрғын үй құрылысы алдағы уақытта да қарқынды жалғасатынын атап өтті.