Түрікменстан президенті Ашхабадта Абай ескерткішін орнатуды ұсынды

150
28.10.2021 05:47

Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы ұлықталмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов осындай ұсыныс жасаған. Түрікменстан Президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірген.