Тағы бір отбасы баспаналы болды. Түлкібастық имамдар және ауданның еріктілері бір шаңыраққа қуаныш сыйлады. Тағдырдың тауқыметін тартқан ана ондаған жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген. Енді күтпеген жерден баспаналы болып, қуанышқа кенелген келіншек жомарттық танытқан жандарға шексіз алғысын білдірді.
️