Алматы облысында жас жігітті қағып кеткен жүргізуші тұтқындалды

230
27.10.2021 06:03

Көлік жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сосын ауыр жарақат алған жас жігітке көмек бермей, оқиға орнынан бой тасалаған. Алматы облысы Талғар қаласында болған қайғылы жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда түнгі уақытта жоғары жылдамдықпен келген көлік жол шетінде келе жатқан адамды қағып кеткені көрінеді. Бірақ тоқтамай өте шыққан. Ауыр жарақат алған жігіт жедел көмек келгенше көз жұмды. Ал күдікті жүргізушіні полицейлер көп ұзамай қолға түсірді. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.