Мақтаарал ауданында 8 миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталды

211
27.10.2021 06:02

8 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды. Күдікті жас қыз жұрттың ақшасын еселеп беремін деп талайды сан соқтырған.  Оқиға Мақтаарал ауданында болыпты. Белгісіз азаматша «WhatsApp» желісінде құмар ойыны арқылы ақшаңды  арттырып беремін деген. Сөйтіп өзіне сенгендердің қаражатын алып, ізім қайым жоғалған. Белгілі болғандай күдікті осындай сылтаумен 19 тұрғыннан 50 мен 80 мың теңге аралығында ақша алып отырғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.