Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапары кезінде Ашхабадтағы Ахалтеке атшабарына арнайы барды. Мәртебелі мейманға жылқы кешенін арнайы таныстырған Түрікменстан басшысы оған асылтұқымды Ахалтеке жылқысын және түркімен тазысын сыйлады. Сондай-ақ, қонақтарға шабандоздар шоуы көрсетілді. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыртуы бойынша осы елге мемлекеттік сапары басталды. Бүгін екі елдің делегациясы кездесіп, көрші елдердің даму перспективаларына қатысты өңірлік және халықаралық мәселелер қаралды.
️