Қару тапсырған қазақстандықтарға 90 миллион теңге бөлінді

152
26.10.2021 06:56

Қаруын тапсырған мыңға жуық қазақстандықтарға 90 млн теңге бөлінді. Сәуір айында басталған акция аясында 1 мың 400 суық қару полицияның меншігіне өтіпті. Оның арасында автоматты иір ойық, ұзын ұңғылы, қысқа ұңғылы мылтықтар, травматикалық қару, сондай-ақ жарылғыш заттар мен патрондар бар екен. Аймақтардың арасында Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары көп қару тапсырған. Оның басым бөлігі жойылады. Ал Қарағандылық тұрғын өткізген 1900 жылы шығарылған «Наган» маркалы револьвер музейге қойылыпты.