Мектепті 70 мың теңге жалақыға зейнеткерлер күзетіп жүр. Олар тіпті біліктілік талаптарына сәйкес рациялармен, құқықбұзушыларды ұстау үшін арнайы құралдармен де қамтамасыз етілмеген. Сенаторлар осылай дабыл қақты. Осы ретте тілшіміз қаладағы бірнеше білім ошақтарына барып, балалардың қауіпсіздігін кімдер күзетіп жүргенін көзімен көріп қайтты.
️