Ресейдегі оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болды. Жергілікті ақпарат құралдары 16 адам қайтыс болған дейді. Ал елдің төтенше жағдай министрлігі тек 7 адамның өлімін растады. Жарлыстан кейін ғимаратта өрт шыққан. Оқиға болған кезде цехте 17 адам болған екен. Бұған дейін тексеріс жүргізілгенде өндіріс орнының техникалық қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіні анықталған екен. Алдын-ала мәлімет бойынша, оқ дәрінің дұрыс сақталмауы жарылысқа себеп болыпты. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу басталған.
️