Сирияның Дамаск қаласында лаңкестік шабуыл жасалды. Салдарынан 14 әскери көз жұмды. Сондай-ақ 3 тұрғын түрлі жарақат алған. Жарылғыш зат автобус көпірден өткен уақытта жарылған. Ал 3-ші бомбаны мамандар залалсыздандырып үлгерген. Жергілікті билік бұл оқиғаны «лаңкестік әрекет» деп атады. Бірақ жарылысты әзірге ешқандай ұйым мойнына алған жоқ. Үкіметтің мәлімдеуінше аймақта «Даиш» лаңкестері әлі де болуы мүмкін.
️