Халық санағы онлайн режимге қайта оралды

257
22.10.2021 04:37

Ұлттық статистика бюросы халық санағынан онлайн өту қызметінің қайта қосылғанын мәлімдеді. Еске салсақ, Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйекте басталды. 15 қазанға дейін осы шара тек онлайн режимде ғана өткізілді. Одан кейін статистика мамандары үй-үйді аралап, онлайн санақтан өтпегендерді тіркеуге кірісті. Дегенмен, олар үлкен қиындықтарға тап болды. Халықтың біраз бөлігі санақ жүргізші мамандарға есік ашпаған. Онлайн санақтан өтсе де, SMS-хабарламаны да көрсетуден бас тартқан. Сондықтан енді онлайн қызмет халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болады.