Бразилия президентіне 300 мың адамды өлтірді деген айып тағылды. Елдің сенаты COVID-19 вирусымен күресте мемлекет басшысы жүздеген мың адамды өлтірді, жалған құжаттар жасады, бюджет қаржысын теріс пайдаланды деп отыр. Кінәлілердің қатарында Болсанарудың бұрын және қазір жауапты қызмет атқарып отырған 3 баласы бар. Ал президенттің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарды. Айта кетейік, биыл елдің басшысы Жаир Болсонаруға қарсы бірнеше шеру өтті. Былтыр Болсонару коронавирустан ешқандай қауіп жоқ деп мәлімдеп, өзі елдің алдында бетпердесіз жүрген болатын.
️