Полицейлер жанып жатқан көліктің ішінде қалған ерлі-зайыптыларды құтқарып қалды. Оқиға Түркістан облысы Түлкібас ауданында болған. Жүргізушінің сөзінше, жүріп келе жатқан көліктен ақау шығып, бірден өртке оранған. Дәл сол маңайдан өтіп бара жатқан сақшылар дереу көмек беруге ұмтылған. Ішіндегі ерлі-зайыптыларды сыртқа шығарып, алғашқы көмек көрсеткен. Көліктің отын сөндіру мақсатында, өз өмірін қауіпке тіккен олар автокөліктің капотын ашып, аккумуляторын ажыратқан. Оқыс оқиғадан аман қалған жандар полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
️