Түркістанда IX Түркология конгресі өтті

280
21.10.2021 04:26

Екі жылда бір рет өтетін Түркология Конгресі басталды. 9-шы рет ұйымдастырылып отырған жиын Түркістандағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өтіп жатыр. 7 мемлекеттен жиналған 120 ғалым түркі елдерінің рухани және мәдени байланыстарын нығайту бойынша бастамалар көтеруде. Сондай-ақ, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Бүлент Байрам мен Анадолы университетінің ректоры Фуат Эрдал өз сөздерінде бауырлас елдер арасындағы ынтамақтастықты сөз етті. Жиын барысында Түркология Конгресіне қатысуға мыңға жуық өтінім түскені де белгілі болды.