Велоспортшы Кеңесбек Сейтімбетов марапатталды

217
20.10.2021 04:22

81 жастағы велоспортшыға құрмет көрсетілді. Кеңесбек Сейтімбетовке  Бәйдібек ауданының әкімі алғыс хат және естелік сыйлық табыс етті.

Он жасынан бастап велоспортпен айналысып келе жатқан Кеңесбек Сейтімбетов дүниежүзінің көптеген елдерін аралап, елімізді танытуға өзіндік үлес қосып келеді. Спортшы қазақстанның Ресейдегі жылы аясында Мәскеу қаласына, Түркістанның 1500 жылдығына орай Түркістан – Мекке бағытымен, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін елордамызға велосипедпен барған.