Мақтааралда грек-рим күресінен турнир өтті

201
19.10.2021 05:02

Мақтаралда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай грек рим күресінен турнир өтті. Сайысты Мақтаарал аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Бозкілемде 14-12 жастағылар 39-57 келіде күш сынасты. Ал, 17-15 жас аралығындағы жасөспірімдер 60-75 келі салмақ аралығында өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеге  Мақтаарал, Төлеби, Шардара, Сайрам, Сарыағаш, Жетісай аудандарымен қатар Тараз және Шымкент қалаларынан да командалар қатысты. Сайыс қорытындысымен жеңімпаздар  медальдармен марапатталды.