Прокуратура қызметкерлері арасында футбол мен волейболдан чемпионат басталды

451
19.10.2021 04:54

Еліміздің бірқатар прокуратура саласының қызметкерлері формасын шешті. Олар  ақ жейде мен галстукты спорттық киімге айырбастады. Яғни  ҚР прокуратурасының құрылғанына 30 жыл толуына орай шағын футбол мен волейболдан чемпионат басталды. Мұндағы негізгі мақсат салауатты өмір салтын насихаттау. Сайыста Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы өзара бақ сынайды. Жеңіске жеткен команда 8-10 қараша күндері Нұр-Сұлтанда өтетін ақтық ойынға жолдама алады.