18 қазан - рухани келісім күні. Бұл мереке күнтізбемізге 1992 жылы енді. Атаулы күнге орай Түркістан облысының дін істері басқармасы арнайы іс-шара өткізді. Мақсаты- дінаралық қарым-қатынас төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылау. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қазіргі уақытта Құран мен Библия сынды діни кітаптардың негізгі мағынасы бұрмаланып жатқанын айтты. Халықтың діни сауаттылығын арттыруда интернет кеңістігін тиімді пайдалануды ұсынды. Іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары дін өкілдерін мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
️