Түркістан
EN

ХҚТУ-да алты елдің ғалымдары қатысқан онлайн конференция өтті

330
19.10.2021 09:46

Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы халқаралық қазақ-түрік университетінде онлайн түрде халықаралық ғылыми конференция өтті. Шара барысында ұлттар арасындағы татулықпен ынтымақтастық мәселесі айтылды. Жиынға алты елдің ғалымдарымен профессорлары қатысып өзара пікір алмасты. Конференцияда қоғамдағы өзекті болып саналатын толеранттылық көзқарасты қалыптастыру қажеттігі айтылды. 

️