Қазақстанда дизель отынына сұраныс артқан

190
19.10.2021 04:41

Елімізде ай сайынғы дизель отынына сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 140 мың тоннаға артқан. Сондықтан Ресейден қосымша дизель отынын сатып алуға келісім жасалды. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Халықаралық дәлізге еліміз арқылы өтетін көліктердің әрқайсысы айына, шамамен, 4 мың тонна дизель отынын әкетеді екен. Салдарынан 2019-20 жылдармен салыстырғанда биылғы бір айдың өзінде 100-140 мың тонна дизель отыны артық сатылған.