Елімізде өткен тәулікте 1642 адам індет жұқтырған. Оның 98 пайызы вакцина қабылдамағандар. Бұл туралы еліміздің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. Сәйкесінше, вакцинаның бірінші дозасын 8 млн нан астам адам қабылдаса, екінші компанентін 7 млн на аса тұрғын алған. Ал, балаларға арналған файзер вакцинасы 2022 жылдың төртінші тоқсанында елге жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Екпені қабылдау тек ата-ананың келісімімен ғана жүргізіледі.
️