Елімізде 21 миллион гектар жайылымдық жердің тозығы жеткен. Осыған байланысты елді мекендердегі малдың 80 проценті ауыл маңайында жайылады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Сұлтан Дүйсенбинов Үкімет басшысына сауал жолдады. Онда жайылымдық жердің тапшылығы барлық аймақта сезіліп отырғандығы айтылады. Сенатор әсіресе, Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы жағдайдың қиын екендігін жеткізген. Ол мәселені шешу үшін жайылымдарды ұзақ мерзімді басқару жоспарын бекітуді және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмысты белсенді жүргізуді ұсынды.
️