Түркістанда «Ясауитану» республикалық байқауы өтті. Eліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 30-ға жуық жеткіншек түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа айтудан жарысты. Дәстүрлі түрде 24 рет ұйымдастырылған додада үміткерлер дарындылықтың ерен үлгісін көрсетті. Бас жүлдені Жетісай өңірінен келген Ерболат Бердібай жеңіп алды. Оған 150 мың теңге ақшалай сыйақы берілді.
️