Жыл басынан бері Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 600-ден астам адам жүрегіне ота жасатқан. Медициналық жаңа технологияның арқасында ем іздеп келушілердің көбі сауығып кетіп жатады. Дегенмен аталған дерт асқынып кетсе, жүректі ауыстыру қиындық тудырады. Себебін мамандар дәрігерлердің біліктілігімен байланыстырады. Осыған байланысты әлемдік деңгейді аты шыққан мамандар Түркістанда бас қосты. Үшінше рет ұйымдастырылып отырған «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» халықаралық конференциясында кардиохирургияның жаңа әдістері ортаға салынды. Жиынға Ресей, Қырғызтан, Украина мен Өзбекстан, Үндістан және Қазақстанның дәрігерлері қатысты.
️