Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жаңа ғимаратқа көшті

200
18.10.2021 06:34

Бүгін Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа ғимараты ашылды. Нысанның құрылысы 2020 жылы мамыр айында басталған. Жалпы ауданы бір жарым гектар. Шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, облыстардың Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары қатысты. Сондай-ақ, жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Ол Түркістан қаласының аумағына кіретін Яссы, Отырар, Шауғар, Бірлік, Бекзат шағын аудандарының 50 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін болады.