Грузия астансы Тбилисиде он мыңдаған адам Михаил Саакашвилиді түрмеден босатуды талап етті. Қамауға алынған экс-президенттің өзі абақтыдан жақтастарына үкіметке қарсы белсенді түрде әрекет етуге шақырып, аштық жариялады. Еске сала кетейік, Саакашвили қазанның 1-інде Грузияға бара салысымен ұсталған. Бұған дейін іздеу жарияланған, бұрынғы мемлекет басшысына бірнеше бап бойынша айып тағылған. Оның ішінде қызметін асыра пайдалану бар.
️