Түркістандық полицейлер 96 автобусты айып тұрағына жапты. Қоғамдық көлікті қатты жылдамдықпен айдаған, жол ережесін бұзған және автобусты жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін 839 жүргізушіге хаттама толтырған. Ең сорақысы, соның екеуі спиртті ішімдікке тойып алған. Бұл республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған. Сақшылармен бірге рейдке тілшіміз Шынар Әділханқызы да барып келді.
️