Түркістан
EN

ДДСҰ бірде-бір тұрғыны екпе алмаған елдерді анықтады

354
15.10.2021 09:33

Халықаралық Денсаулық Сақтау Ұйымы вакцинация науқанын мүлдем бастамаған елдердің тізімін жариялады. Олар – Бурунди, Эритрея және Солтүстік Корея. Одан бөлек, Африканың кейбір мемлекеттері халықтың 10 пайызына да екпе сала алмаған. Оның себебі, вакцинация бағдарламасы болса да, жеткілікті мөлшерде екпенің болмауы. Осыған байланысты Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы вакцина шығаратын компанияларға осы елдерге көмек көрсетуге үндеу жариялады. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша, вакцина жетіспеушілігі күзде пандемияның кезекті толқынына әкеліп соғуы мүмкін.

️