Аягөз қаласының экс-әкімі 4 жыл 5 айға сотталды. Қуаныш Азыханов бір миллион 200 мың теңге пара алды деп айыпталған болатын. Шенеунік мұндай соманы былтыр су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғын үйлерге жөндеу жүргізетін мердігерлерден талап еткен. Яғни, өз қызметін асыра пайдаланбақшы болған. Бірақ ол тергеу кезінде кінәсін мойындамай, жұртты «қарызға алдым» деп сендіруге тырысты. Дегенмен, бұл ойы жүзеге аспай, кінәсін мойындауға мәжбүр болды. Сонымен қатар, бұрынғы қала басшысы мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
️