Бұдан былай облыста болған қылмыстық істердің статистикасын электронды түрде білуге болады. Осыған байланысты арнайы жоба қолға алынды. Мұны Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы таныстырды. Сонымен қатар е-Өтініш және тағы басқа ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері көрсетілді. Енді жергілікті атқару органдарының қызметкерлері осы жүйені пайдалану арқылы күнделікті жұмыс бабында қажетті құқықтық ақпараттармен танысуға болады.
️