Жайылымнан сиыр ұрламақ болған күдікті ұсталды

181
13.10.2021 23:01

Жайылымнан сиыр ұрлап, оны көліктің жүксалғышына салып алған  күдікті ұсталды. Оқиға Шығыс Қазақстанда болған. Жедел іздестіру шаралары барысында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Сақшыларға хабарласқан жәбірленушінің айтуынша, жайылымнан белгісіз біреу сиырын ұрлап, 450 мың теңге залал келтірген. Айласын асырмақ болған күдікті ірі қара малды жеңіл көліктің жүк салғышына салып алыпты. Қазір аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.