Түркістан
EN

Жапония билігі ревакцинация жұмыстарын бастамақ

137
14.10.2021 09:47

Жапония билігі короновирусқа қарсы ревакцинация жұмыстарын желтоқсан айында бастамақ. Ел премьер-министрі Фумио Кисида осылайша мәлімдеді. Сондай-ақ бірінші кезекте егде жастағы тұрғындар мен вирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар егілетінін атап өтті. Айта кетсек екпенің 3-ші дозасын салу 2022 жылға жоспарланған болатын. Алайда індеттің өршіп кетуі вакциналауды ертерек бастауға себеп болған.

️