Келесі жылдан бастап елімізде бірінші сынып оқушылары үшін жаңа пән енгізіледі. Үшінші тоқсанда оқу бағдарламасына алғаш рет "Цифрлық сауаттылық" пәні қосылмақ. Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Өйткені бұл қазір - оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. Сондай-ақ мектеп бағдарламасы шеңберінде ең танымал Пайтон бағдарламалау тілі оқытылады. Сондай-ақ 5-ші 9-шы сынып оқушылары 3D-модельдеу бойынша да білім алмақ.
️